22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні! Биыл көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамына орай қалада мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен «Защита» ықшамауданының тұрғындарына арналған мерекелік концерт өтті. Сахнада мектеп оқушылары көктем, достық, татулық ,келісім туралы ән шырқады. Саябақтың орталық алаңында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері